Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта дәрігерлер 30-ға жуық адамды суға бату қаупінен құтқарды

Қонаев қаласында шомылу маусымында дәрігерлер мен құтқарушылардың еңбегінің арқасында 30-ға жуық адамның өмірі аман қалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Реаниматолог Рият Бакриевтің айтуынша, науқастардың барлығы «суға бату» диагнозымен түскен.

«Ең есте қалғаны – үш жасқа толмаған бала. Ол реанимацияға жеткенге дейін клиникалық өлім жағдайында болды. Алайда дәрігерлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өмірге қайта оралды. Мұнда жедел жәрдем бригадаларының еңбегі үлкен. Олар алғашқы көмек көрсетіп, қажетті дәрілерді енгізіп, қажет болса науқастарды өкпені жасанды желдету аппаратымен жеткізеді. Біз өз кезегімізде тәулік бойы бақылау мен ем жүргіземіз, – деді ол.

Дәрігердің сөзінше, ересектер арасындағы суға бату оқиғаларының 70–80%-ы алкогольдік ішімдік салдарынан болады. – Бұл – адамдардың өз өміріне жауапсыз қарауының көрінісі, – деп атап өтті маман.

12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қаланың қауіпсіздігі мен дамуына үлес қосқан дәрігерлерді, құтқарушыларды және түрлі сала мамандарын алғыс хатпен марапаттады.

«Жастарымыз түрлі салада жетістікке жетіп, туған қаласының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып келеді. Біз әрқашан белсенді, мақсаткер жастарды қолдауға дайынбыз, – деді әкім.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің алғыс хатына флайбордтан спорт шебері, Қонаевтың атын республика және халықаралық деңгейде танытып жүрген Олеся Колесниченко ие болды.

Марапат иелері қатарында:

  • 8 адамды құтқарған құтқарушы Бекзат Рахимжанов;

  • 6 адамды аман алып қалған құтқарушы Бақдәулет Тұрсын;

  • реанимация дәрігері Рият Бакриев және кіші медицина қызметкерлері Бақжан Искердір, Қанат Арынбаев;

  • энергетик Бекзат Тәнирберген;

  • «Қонаев Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметкері Даулет Ағайдаров;

  • «Қонаев Жылу орталығы» ШЖҚ МКК электромонтері Руслан Макатьев.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz