Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ТАРИХТЫҢ ТІРІ КУӘГЕРІ

Биыл сұм соғыстың аяқталғанына және Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Осы орайда, Alataunews.kz тілшілері Алматы облысы Ұйғыр ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері 101 жастағы Алым Кебировпен тілдесіп қайтты.

Мөлдір Иманмади
12.04.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Алым Кебиров — Ұйғыр ауданындағы көзі тірі жалғыз соғыс ардагері. Ол 1924 жылы 1 қаңтарда Кіші Ақсу ауылында дүниеге келген. 1942 жылдан 1943 жылға дейін бірінші Беларусь майданының құрамында соғысты. Күн сайын оның көз алдында жау миналары мен снарядтарынан майдандас жолдастары қаза тауып жатты.

Белгород қаласын азат ету үшін болған шайқастарда ол ауыр жарақат алды. Ауруханада емделгеннен кейін қайтадан майданға оралды. 1943 жылдан 1944 жылға дейін Украин майданында шайқасты, украин қалалары мен ауылдарын жау әскерінен тазартып отырды. Львов қаласын азат ету кезінде тағы да ауыр жараланды.

“1942 жылы 28 ақпанда Жаркенттің военкоматына 120 адам бардық. Бәріміз бірге комиссиядан өттік. Сарыөзекке жаяу барып сол жақта бір-екі апта болдық. Кейін Беларусьқа барып соғыстық, одан кейін Украинадағы майданға аттандық. Ол жақтың бірнеше қаласын азат еттік. Ал Львов қаласында қан майданда жүргенде жүргенде жарақаттанып ауруханада жатып қалдым”, — деп шер тарқатты қарт жауынгер.

Соғыстан кейін туған жеріне оралып отбасын құрып 2 қыз, 6 ұл тәрбиеледі. Қазір 27 немере, 60-тан астам шөбере және 2 шөпшек сүйіп отырған қазыналы қария.

Ол 54 жылын колхозға арнапты.  Ол жерде бригадир, совхоз, кадр бөлімінде және басшының орынбасары кейіннен кеңес төрағасы қызметін атқарды.

Әр жылдары әр түрлі қызметтер атқарып Ұйғыр ауданын дамытуға үлкен үлес қосқан. Қазіргі уақытта Бахар ауылында балалары мен немерелерінің ортасында өмір сүріп жатыр. Ол — Карадала өңірінің тірі тарихы, 80-ші Жеңіс көктемін көрген жалғыз ардагер.

Сөз соңында батыр атамыз сұхбаттасуға келген БАҚ өкілдеріне өз батасын берді.

“Заманымыз тыныш болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жасаған жұмыстарымыз әділ болсын. Жастарымыз мемлекет пен қоғам үшін тіршілік жасасын. Біз көрген қиыншылықты балаларымыз көрмесін. Бұдан кейін соғыс көрмейік», — деп ақ тілегін ақтарды Алым Кебиров.

Айта кетейік, 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, Алым Кебиров атамызға мемлекет  тарапынан 5 миллион теңге көлемінде бір реттік сыйақы берілді.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz