Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Facebook, Netflix және iHerb: танымал компаниялар Қазақстанға қанша салық төледі

Жыл басынан бері интернет арқылы қызмет көрсететін және шетелдік сауда алаңдары Google-ға салық төлеуі керек. 2022 жылдың 11 тамызындағы жағдай бойынша осы салық негізінде еліміздің бюджетіне 3 миллиард теңгеге жуық қаражат түскен, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

12.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, Meta компаниясы Googlе-ға ең көп салық төлеген. Ол Facebook, Instagram, WhatsApp сервистеріне иелік етеді. Жарты жылдың ішінде компаниядан еліміздің қазынасына 1 миллиард теңгеден астам қаражат түсті.

Ең көп салық төлеген компаниялар қатарында iHerb сервисі де бар. Компания жылдың алғашқы тоқсанында 658 692 165 теңге төледі. Ал үшінші орында Lamoda интернет-дүкеніне иелік ететін «Купишуз» компаниясы тұр. Ол мемлекетке 236 631 601 теңге төледі.

Ойын жасаумен шұғылданатын америкалық Valve Corporation компаниясы да бюджетке қомақты қаржы төлеген (бірінші тоқсанда 223 987 652 теңге, екінші тоқсанда 226 609 308 теңге). Qnet Limited компаниясы алғашқы тоқсанда 155 262 830, екінші тоқсанда 100 424 941 теңге төлесе, Google Commerce Limited компаниясы алғашқы тоқсанда 118 570 250 теңге төледі.

Танымал Netflix компаниясы бірінші тоқсанда 66 021 222 теңге, екінші тоқсанда 69 335 531 теңге төлеген. Zoom компаниясы алғашқы тоқсанда тек 5 135 950 теңге төлесе, екінші тоқсанда 34 084 191 теңге төледі.

Ал Ozon сервисі 74 848 701 теңге салық төледі. Wargaming Group Limited компаниясының алғашқы тоқсанда төлеген салығы 24 573 765 теңгеге тең,

Мемлекет бюджетін толықтырған шетелдік компаниялар қатарында Xsolla (13 633 111 теңге), Adobe Systems Software Ireland Limited (9 763 173 теңге), Amazon.com Services, LLC (9 747 354 теңге ), Amazon Web Services EMEA Sarl (9 348 558 теңге), Huawei Services (Hong Kong) Co, Limited (8 051 401 теңге), Google Cloud EMEA Limited (7 583 441 теңге), Zoom video Communications (5 153 950 теңге), Coursera (3 116 190), Amazon EU Sarl (540 470 теңге), Amazon Advertising LLC (533 102 теңге), Amazon Services Europe SARL (328 427), Google Voice Inc (4 274 теңге) бар.

Тегтер: компаниясалық

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz