Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар жеке куәлігін онлайн түрде ауыстыра алады

Елімізде жеке куәлікті онлайн ауыстыруға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылуда. Бұл бастама Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде әзірленіп, Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2025
Жаңалықтар

Жоба мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру және азаматтарға құжаттарды рәсімдеуді жеңілдету мақсатында қолға алынған. Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың 1 наурызына дейін жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда, оны онлайн ауыстыру мүмкіндігі ұсынылады.

Алайда, бұл қызмет тек белгілі бір шарттар орындалған жағдайда ғана қолжетімді:

  • Егер жеке куәлік мерзімінің аяқталуына 30 күн немесе одан аз уақыт қалса;
  • Егер құжат мерзімі 10 күннен аспайтын уақытқа өтіп кетсе.

Басқа жағдайларда, жеке куәлікті жаңарту «Электрондық үкімет» порталы мен мобильді қосымшалар арқылы мүмкін болмайды, ал азаматтарға ХҚКО-ға жүгіну қажеттігі туралы хабарлама беріледі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 16 жастан бастап жеке куәлік алуға міндетті. Бұл құжат республика аумағында жарамды және 10 жыл мерзімге беріледі.

Тегтер: жеке куәлікқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz