Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 2165 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, тарифтік жүйе жетілдірілуде

Алматы облысында 2165 шақырым жылу желісі жөнделіп, аймақ жылу беру маусымына толық дайындықпен кірісті. Бұл туралы Алматы облысының басты ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Тарифтер мен инвестициялық жобалар

Жылу, электр және су жүйелерін жаңғырту «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама бойынша биыл:

•Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша – 50,51 млн теңге,

•Жылумен жабдықтау бойынша – 114 млн теңге,

•Электроэнергия тасымалдау бойынша – 38,553 млн теңге игерілген.

Бағдарлама аясында жөнделген желілер мен жаңғыртылған жүйелер тозуды азайтып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Тариф құбылмалығы және бақылау

Электр энергиясының тарифі 28,64 теңгеден 31,36 теңгеге өскенімен, тарифтерді реттеу және бақылау арқылы тұтынушыларға 194 млн теңге қайтарылған. Табиғи монополия субъектілерінің қызметі талданып, уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Жылу жүйелерін жаңғырту және инфрақұрылымдық жобалар

Энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы Ержан Бейбітұлының айтуынша, өңірде 43 қазандық жөнделді, ал Талғар ауданында 53 блок-модульді қазандық салу жобасы дайын тұр. Бұл жоба толық іске асқан жағдайда, 110 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, облыста 10 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланған. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 100 млрд теңгеге жетіп, электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді.

Сапалы қызмет – басты назарда

Облыстағы жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары аймақ тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді және жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz