Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда 350 жұмыс орны бар 3 зауыт іске қосылады

Жаңа кәсіпорындар газоблоктар, керамикалық плиталар, аккумуляторлар шығаратын болады

21.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Соңғы бес айында инвестиция көлемі  17 млрд теңгеден асты, деп хабарлады қала әкімі Әсет Масабаев сейсенбі күні БАҚ өкілдерімен өткен брифингте.«2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі — 134,6%. Инвестициялардың 7,4 млрд теңгесі меншікті қаражат  — 43,0% — ды құрайды», — деді Әсет Масабаев.

Осы жылдың тамыз айында  газ блоктарын шығаратын «BARS TECHNOLOGIES» ЖШС  зауыт іске қосылады.  Инвестиция көлемі — 800 млн теңге, 80 жұмыс орны ашылады.

1,5 млрд теңге инвестиция «Алмаз керамикс» ЖШС керамикалық плиталар өндіру зауытын кеңейтуге бағытталған, 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Іске қосу қыркүйек айына жоспарланған.

Қазан айында 120 жұмыс орнына арналған «ASMA Industrial» ЖШС стационарлық аккумуляторлар шығаратын зауыт іске қосылады. Инвестиция құны — 3,2 млрд теңге.

Суретті түсірген Дмитрий Ерофеев

Әкім ағымдағы жылдың маусым айында 300-ге дейін кеңейту жоспарымен 100 жұмыс орнына арналған «Айсұлу» тігін фабрикасы іске қосылғанын еске салды.

Әсет Масабаевтың мәліметінше, 2023 жылы тағы 4 кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде: «Amanat Logistic KZ» ЖШС астық қоймасы (инвестициялар-970 млн теңге, жұмыс орны-25); «Jetysu ceramic» ЖШС керамикалық плиталарды өндіру зауыты (инвестициялар — 5,5 млрд. теңге, жұмыс орны– 67); «ТК газоблок» ЖШС автоклавты газоблоктарын өндіру зауыты (инвестициялар – 6,2 млрд.теңге, жұмыс орны – 50); элеватор «Жетысу Экспорт» ЖШС (инвестициялар — 3,3 млрд. теңге, жұмыс орны-20).

Тегтер: жұмыс орындарыинвестиция
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz