Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жолдардың жабылғанына қарамастан сапарға шыққандарға 103 мың теңге айыппұл салынады

Ішкі істер министрлігі азаматтарға жолдағы жағдайды алдын ала білуге кеңес береді. Ауа райы нашарлаған кезде жолдардың жабылуы туралы халыққа СМС, интернет-арналары және телерадио хабарлары арқылы алдын ала жеткізіледі.

09.01.2023
Жаңалықтар

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша қазір эвакуациялау үшін 769 уақытша жылыту пункті дайындалды. Авариялық-құтқару жұмысына 4 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника жұмылдырылды. Дегенмен әлі де ескертуге құлақ аспайтындар жетерлік.

«Жеке жүргізушілер полицияның жолдағы қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа-райында қауіпті учаскелерге шығып, өздеріне және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Көп жағдайда олардың көлігі қар көшкініне кептеліп қалады және оларды құтқару үшін полиция мен ТЖ қызметкерлері тәуекелге барып, ресурстарды жұмсауға мәжбүр болады. Көлік жүргізушілері жабық жолдарға шықпау жөнінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жағдайларда оларға 30 АЕК немесе 103 500 теңге айыппұл, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершілік қаралғанын ескертеміз», — деді спикер.

Ауа райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары, сондай-ақ «Қазавтожол» ҰК» АҚ байланыс орталығынан 1403 телефоны бойынша білуге болады.

Тегтер: айыппұлІІМ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz