Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жол сапасының нашар болғаны үшін жауаптылардың барлығын жазаға тарту керек — Президент

Автожол саласын кешенді түрде қайта жаңғырту керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

14.07.2022
Жаңалықтар, Саясат
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев автожол саласын кешенді түрде қайта жаңғырту керектігін баса айтты.

«FIDIC халықаралық қағидаттарын енгізген жөн. Оны жүзден астам ел пайдаланып отыр. Бұл жүйе жол саласын тиімді басқаруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдаланып, барлық деңгейдегі жемқорлық қаупін азайтуға мүмкіндік бермек. Мұндай жүйеге көбі қарсы болады. Бұл жерде министрдің және тиісті вице-премьердің нық ұстанымы қажет. Тұтастай алғанда, осы мәселе бойынша арнайы комиссия құру керек. Оған Үкімет мүшелерін, Президент Әкімшілігі, құқық қорғау органдарының өкілдерін, депутаттарды қосқан жөн. Жарты жыл ішінде барлық кемшілікті, соның ішінде жемқорлықты және олқылықтарды түзетуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеп, маған баяндау қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аталған комиссия кемінде соңғы 10 жылдың ішінде жол салу саласында жіберілген заң бұзушылықтарды тыңғылықты зерделеуі қажеттігін баса айтты.

«Еліміздегі жолдардың сапасының жаман болғаны үшін барлық жауапты тұлғалар заңға сәйкес жазаға тартылуы тиіс», – деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тегтер: кеңейтілген отырысҚасым-Жомарт Тоқаевүкімет

Соңғы жаңалықтар

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында балалар қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы агломерациясында газдандыру, жол және мектеп құрылысы мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Screenshot

Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Мөлдір Иманмади
16.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz