Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жигули Дайрабаевтың штабы 3 аптаны қорытындылады

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы 3 аптаның жұмысын қорытындылады

14.11.2022
Жаңалықтар

Кандидат пен оның партияластары бұған дейін Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына барған болатын. Шаруалармен кездесіп, сауалдарына жауап берді.

Бүгінгі брифингте партияның өңірлік филиалдарының басшылары және өкілдері қатысты. Бейнебайланысқа шығып, есеп берді.

Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлеген. Оның ішінде 70 проценті өткізілді. Еліміз бойынша 305 билборд орнатылып, 200 мың плакат-парақша таратылды.

«Осы алдағы өтетін сайлауға дайындық алғашқы нәтижелердің ішінде бір айта кететіні 2 нәрсе бар. Біріншіден бұл жастардың биылғы жылы ерекше белсенділігі. Өте көп жас өз еркімен келіп, көмектесейік, қандай жұмыс жасайық деп, біздің кандидатпен, сенімді өкілдерімен өтетін кездесулерге қатысып, сұрақтарын қойып жатыр», — деді кандидат Ж.Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рақымбеков.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz