Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысының эмблемасын әзірлеуге байқау жарияланды

Жетісу облысы эмблемасының эскизін әзірлеу бойынша конкурс жарияланды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі.

15.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Жетісу баспасөз қызметі

Жетісу баспасөз қызметі

Осы жылдың 14 шілдесінен бастап Жетісу облысы эмблемасының эскизін әзірлеуге конкурс жарияланды. Байқаудың мақсаты — Жетісу облысының заманауи, ерекше, оңай танылатын эмблемасын әзірлеу, яғни, өңірдің бірегейлігін көрсететін логотиптің мағыналық, көрнекі және сөздік тұжырымдамасын жасау.

Эмблемада облыстың өткені мен бүгіні, сондай-ақ, өлкенің өзіне тән ерекшеліктері мен тарихи-мәдени​ мұрасы үйлесім табуға тиіс.

Байқауға суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, кез келген бастамашыл азаматтар қатыса алады.

Эскиз жобалары Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі 28, Журналистер үйі, 1023 кабинетте​ қабылданады. Анықтама үшін телефон: 8 (7282) 41 22 05.

Өтінім беру мерзімі: 2022 жылғы 18-29 шілде, сағ. 09.00-18.00.

Конкурсқа қатысуға өтінім (конкурстық жұмысты қабылдау кезінде толтырылады), түрлі-түсті түрде ұсынылған эмблеманың эскизі (қағаз нұсқасы 2 дана А4 форматта және электронды JPEG форматта, СD дискке жазылған) және түсіндірме жазба (эмблема идеясының сипаттамасы, түсі, пішіні, пропорциялары және басқалары).

Үздік эскизді білікті суретшілер, дизайнерлер, тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айының басында шығарылады.

Жеңімпаз авторлардың аты-жөні байқау рәсімі аяқталғаннан кейін жарияланады.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz