Адам жанына араша түсер ақхалаттылар да жалған құжатпен қызмет істеп жүрген.
«Ескелді ауданының орталық ауруханасында өз қызметін аткарып жүрген медициналық қызметшілер арасында талдау жүргізіліп, нәтижесінде 2 қызметкердің жалған диплом негізінде заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды», — деді Ескелді ауданының прокуроры Құралбек Шойбеков.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.