Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында төрт түліктің мойнына түнде жанатын бау тағып жатыр

Жетісу облысында төрт түліктің мойнына түнде жанатын бау тағып жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

20.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Жетісу облысында түнде жол бойында жүретін жылқылардың салдарынан көлік апаты көбейіп, олардың кейбірінің соңы кісі өліміне де әкеліп жатады. Осы жайттың алдын алу мақсатында Ақсу ауданының прокурорлары төрт түліктің мойнына түнде жанатын арнайы бау тағуды ұсынды.

Нарықта баудың бағасы 2 мың теңге тұрады. Малын көлік қағып, әбден шығынға батқан шаруалар қазір жаппай осы шараны қолға алып жатыр.

Айта кетейік, Ақсу ауданы Алматы-Өскемен тасжолының бойында орналасқан. Көлік апатының басым бөлігі Қызылағаш ауылының маңында болады екен. Түнде тура жолдың бойында тұрған жылқыларды республикалық трассада үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушілері көрмей қалып, апатқа ұшырайды.

 

1 of 3
- +

«Биыл Ақсу ауданы аумағында 14 жол көлік оқиғасы болса, оның ішінде 11 көлік оқиғасы малды қағумен байланысты болып отыр. Былтыр осындай 15 оқиға болды. Алматы-Өскемен республикалық жолының бойында яғни, Қызылағаш пен Сағабүйен ауылдарының шаруа қожалықтарымен дөңгелек үстел өткізіліп, малдарына жарықты шағылыстыратын бауды кигізу ұсынылды. Олар ұсынысты қабылдады», — деді Ақсу ауданы прокурорының міндетін атқарушы Әділет Сабырбаев.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

ІІМ: 1 шілдеден бастап аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысында сел қаупін бақылауға арналған маусымдық бекеттер іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Қауіпсіз жол үшін қандай ережелерді сақтау қажет?

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Заңға құрмет – тұрақты қоғамның негізі

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Hand with Glowing bulb on the wood background

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz