Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында келіндер сайысы өтті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мәмбет ауылында өңірдің ең үздік келіні анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

12.09.2022
Жаңалықтар

Келіндер салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, ас мәзірін дайындауда шеберліктерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Лабасы ауылының келіні Ұлар Жылқыбаева, 1-орынды Мұсабек ауылының келіні Алия Арыстан, 2-орынды Қабылиса ауылының келіні Шынар Жұмағали, 3-орынды Жарлыөзек ауылының келіні Жанна Қалисақарова жеңіп алды.

 

1 of 10
- +

Жарыс соңына отбасы күніне аудан жанашырлары 9 балалы анаға пәтер кілтін табыстады. 12 жылдан бері пәтер жағалап келген Сламхановтар отбасы пәтерлі болды. Жомарт жандардың назарына іліккен Гүлзира мен Ержан Сламхановтар отбасын құрғанына 12 жыл болған. Бес ұл, төрт қызды тәрбиелеп отыр. Қоғамдық жұмыста қызмет ететін әйелдің бар тапқаны балалардың тамағы мен пәтер ақыдан аспайды.

«Енді маңдай термен тапқан ақшамыз біреудің қалтасына кетпей, балалардың қажетіне жұмсалады. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Балаларымның арманы орындалды. Қанша жылдан бері баспананы тек армандап қана келдік, бірақ дәл осындай болады деп ойлаған да емеспіз. Осындай жомарт жандардың барына рахмет. Ризамыз. Мектепке де жақын. 9 баламның 6 мектепке барады, кенжесі енді 1 жаста», — дейді қуанышын жасыра алмаған көпбалалы ана Гүлзира Бектемисова.

Айта кетейік, бұл Көксу ауданындағы 8 баспана жомарт жандардың көмегімен алынған.

Тегтер: Жетісу облысысайыс

Соңғы жаңалықтар

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
25.08.2026

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау

Диана Ахметова
25.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
25.08.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Диана Ахметова
25.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz