Құтқарушылар жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерді көліктен шығару, шартты өртті сөндіру және жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын пысықтады.
Медициналық қызмет мамандары зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындарды жылыту пунктіне орналастыру және ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды. Жол қызметтері қар басқан жолдарды тазарту және қар құрсауында қалған көліктерді эвакуациялау жұмыстарын пысықтады.
Оқу-жаттығуға 160 адам мен 50 бірлік техника жұмылдырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру және шұғыл қызметтердің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету.





