Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпеге биопсия жүргізілді

Талдыорған қаласындағы облыстық көпсалалы клиникада Жетісу облысының штаттан тыс бас онкологы, клиника директоры Мадияр Аманкелдіұлы Өмірбаевтың жетекшілігімен өңірде алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпе ісігіне трансторакальді трепан-биопсия сәтті жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2025
Жаңалықтар

Процедураны тәжірибелі дәрігерлер тобы — клиника директорының орынбасары Б.Л. Бертаев пен рентгенолог-дәрігер Е. Дүйсенбекұлы орындады.

Өкпенің трансторакальді трепан-биопсиясы — аз инвазивті әдіс. Ол кеуде қабырғасы арқылы өкпедегі күмәнді түзіліске арнайы ине енгізіп, тін үлгісін алуға мүмкіндік береді. Процедура компьютерлік томография бақылауымен, жергілікті анестезия арқылы жасалады және алынған тіндер микроскопиялық зерттеуден өтеді. Нәтижесінде диагнозды дәл қоюға және емдеу тактикасын дұрыс таңдауға жағдай жасалады.

Алғашқы пациент — Талдыорған қаласының 85 жастағы тұрғыны, ол өкпесіндегі ісікке күдікпен клиникаға жүгінген. 2025 жылдың 27 тамызында оған трансторакальді биопсия жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне шығаруға дайындалуда.

«Бұл процедураның біздің клиникалық тәжірибемізге енуі — Жетісу облысындағы онкологиялық көмекті дамытудың маңызды қадамы. Енді өңір тұрғындары нақты әрі тиімді диагностикадан өту үшін республикалық орталықтарға бармай-ақ, осында сапалы көмек ала алады. Алдағы уақытта да біз заманауи медициналық технологияларды енгізуді жалғастырамыз. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтап, уақытылы емдеуге үлкен мүмкіндік береді», — деді Мадияр Аманкелдіұлы.

Бұл бастама өңір халқы үшін қолжетімді әрі сапалы онкологиялық көмектің дамуына жол ашады.

Тегтер: жаңалық

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz