Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысы: Кербұлақ ауданында тігін цехы ашылды

Кербұлақ ауданының орталығында Талдықорғандағы «Айсұлу Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС-ның филиалы ашылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

16.11.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, серіктестік басшысы Жарылқасын Болатұлы мұнда айына 20 млн теңгенің өнімін өндіруді жоспарлап отыр. Кәсіпорында 20 жұмыс орны құрылып, оған 5 млн теңге инвестиция тартылды.

Цех заманауи тігін құрал-жабдықтарымен қамтылған. Бұл жерде медицинада қолданылатын бір реттік бұйымдар, киімдер тігіледі.

«Бұл біздің алғашқы филиалымыз. Қазір біздің экспортқа, соның ішінде Ресейге жіберуге дайындайтын тапсырыстарымыз көп. Оны орындауға бір ғана Талдықорғандағы тігін фабрикасының күші жетпейді. Сондықтан облыстың әр ауданында филиалдар ашып, сол өңірдің әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарын жұмыспен қамтуды мақсат етіп отырмыз», – деді Жарылқасын Болатұлы.

Сарыөзектегі тігін фабрикасының бір айлық қуаты 50 мың дана медициналық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) мен 1 мың арнайы киім жиынтығын тігуге жеткілікті.

Тегтер: Жетісу облысыкәсіпКербұлақ ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz