Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісайдағы өрт: аман қалған үш адамның жағдайы белгілі болды

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында Түркістан облысының Алғабас ауылында болған қайғылы өрттен зардап шеккендердің қазіргі жағдайына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2025
Жаңалықтар

Оның айтуынша, үш науқастың да жағдайы әлі де тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

«Үш науқас бар. 18 жастағы қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Әйел адам да ИВЛ-де жатыр. Ал ер азамат өздігінен тыныс алып отыр. Барлығында шок жағдайы, 11–12 пайыздан 30 пайызға дейінгі күйік жарақаттары бар. Қазір барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, олар аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Санавиация құрамында бес маман – ересектер мен балалар комбустиологтары, токсикологтар, анестезиолог-реаниматологтар жіберілді. Бүгінде олар оқиға орнында, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген», – деді Сұлтанғазиев.

Оның сөзінше, қазіргі басым міндет – зардап шеккендердің жағдайын тұрақтандыру. Сонымен бірге науқастарды Шымкент қаласына немесе Астанадағы республикалық деңгейдегі клиникаға ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Тегтер: апатқазақстанөрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz