Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Алматы мен Қонаев қалаларының ортасында орналасқан Алатау қаласы еліміздің жаңа экономикалық және инвестициялық орталықтарының бірі ретінде дамып келеді. Қаланың аумағы 88 мың гектар. Бүгінде мұнда 57,8 мың адам тұрады. Қала құрылғаннан бері тұрғындар саны 5,7 мың адамға көбейген. Алатаудың басты артықшылықтарының бірі – географиялық орналасуы. Еуропа, Қытай және Орталық Азия елдерін байланыстыратын халықаралық көлік дәліздеріне жақындығы қаланың көлік-логистикалық бағытын дамыту әлеуетін арттырады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.11.2026
Жаңалықтар

Қала әкімі А. Өтеновтің айтуынша, Алатаудың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуде арнайы экономикалық аймақтың маңызы зор.

«Қаланың басты стратегиялық артықшылықтарының бірі – Алматы облысының агломерациясы мен «Alatau» арнайы экономикалық аймағында болуы. Бұл өз кезегінде қалада жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға, жаңа кәсіпорындар ашуға және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға үлкен мүмкіндіктер береді», – деді қала әкімі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Алатаудың негізгі капиталына 70,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Инвестицияның нақты көлем индексі 160,7 пайызды құрады. Ал 2025 жылы қалаға 115,8 миллиард теңге инвестиция салынған. Қазір Алатауда 60-тан астам инвестициялық жоба қолға алынған. Олардың ішінде PepsiCo компаниясының тұзды тағамдар зауыты, Mars компаниясының үй жануарларына арналған азық өндіретін кәсіпорны, «Гриффин Логопарк» логистикалық кешені және G-Trans Service индустриялық-логистикалық хабы бар. Сондай-ақ қалада Urban Air Mobility жобасы аясында қалалық әуе көлігін дамыту, «Жетіген» сауда-логистикалық орталығын құру және K-PARK мәдени-іскерлік орталығы мен тақырыптық паркін салу жұмыстары басталған.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған жобалар іске қосылғаннан кейін 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.

Алатаудағы ең ірі жобалардың бірі – Iconic Complex көпфункционалды кешені. Жоба аясында биіктігі 272 метр болатын 56 қабатты ғимарат және биіктігі 80 метрлік қонақүй салынады. Кешенде тұрғын үйлер, кеңселер, сауда орындары мен мәдени-ойын-сауық нысандары орналасады. Құрылыстың бас мердігері – қытайлық China State Construction Engineering Corporation (CSCEC). Ал кешеннің сәулеттік жобасын америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) компаниясы әзірлеген. Құрылыс жұмыстарын 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанға қажетті инженерлік инфрақұрылымды тарту жұмыстары толық аяқталған.

Инвестициялық жобалармен қатар қала экономикасының негізгі салаларында да өзгерістер байқалады. Биылғы тоғыз айда Алатауда 97,5 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 26,5 миллиард теңгеге жеткен. Құрылыс жұмыстарының көлемі 25,9 миллиард теңгені құрап, 16,8 пайызға өсті. Осы уақыт ішінде жалпы ауданы 114,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Былтырғы жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш  103,1 мың шаршы метр болған. Бөлшек сауда көлемі 5,7 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 153,5 пайызға жеткен.

Қала экономикасындағы белсенділік бюджет түсімдеріне де оң әсерін тигізуде. 2026 жылдың он айында мемлекеттік бюджетке 22,6 миллиард теңге салықтар мен басқадай міндетті төлемдер түскен. Оның 11,8 миллиард теңгесі республикалық, 10,8 миллиард теңгесі жергілікті бюджетке аударылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 40 пайызға немесе 6,5 миллиард теңгеге көбейген. Алатаудың дамуына байланысты қаладағы инженерлік және жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биыл республикалық бюджеттен осы мақсатқа 35,3 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде жалпы құны 31,1 миллиард теңге болатын 12 инженерлік инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылуда. Алты жоба сумен жабдықтау және кәріз желілерін жаңартуға, төртеуі электрмен жабдықтау жүйелеріне, қалған екеуі жылумен жабдықтау жүйесі мен және газ желісін тартуға бағытталған.

Қалада жол мәселесі де өзекті. Бүгінде Алатау аумағында жалпы ұзындығы 399,2 шақырым болатын 379 көше бар. Биыл 114 көшедегі 103,5 шақырым жолды орташа жөндеу бойынша 23 жоба қолға алынған. Келесі жылы тағы 60-қа жуық көшені жөндеу жоспарланып отыр. Жетіген шағын ауданында теміржол үстінен өтетін автомобиль көпірінің құрылысы аяқталып, техникалық ашылуы өтті. Сондай-ақ осы аумақта темір жол үстінен жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып жатыр. Брифинг барысында қала әкімі жергілікті биліктің негізгі міндеттерінің бірі тұрғындарға қолайлы жағдай жасау екенін айтты.

«Біздің жауапкершілігіміз – тұрғындардың күнделікті өміріне қажетті нысандардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, көшелер мен жолдардың жағдайын, инженерлік желілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының жай-күйін жақсарту бағыттарында жұмыс атқару», – деді А. Өтенов.

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытында да бірқатар жоба қолға алынған. Биыл Қоянқұс шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық жаңа мектеп ашылды. №20 орта мектеп 1 қыркүйектен бастап оқушыларды қабылдады. Жаңа білім ордасының пайдалануға берілуі нәтижесінде бұған дейін үш ауысымда жұмыс істеген №13 және №14 мектептер екі ауысымды оқыту жүйесіне көшкен.

Денсаулық сақтау саласында Жаңаарна шағын ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Ал Жетігенде бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, Жаңадәуірде 50 адамға арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Құрылыс қаржы бөлінгеннен кейін басталады. Әлеуметтік қолдау шаралары аясында жыл басынан бері қалалық Отбасын қолдау орталығына 487 адам жүгінген. Олардың 191-іне әлеуметтік, 152-сіне қайырымдылық, 144-іне заңгерлік көмек көрсетілген. Кәсіпкерлікті дамыту үшін 60 азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бірінші кезеңде 25 тұрғын 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алған. Сонымен қатар 83 адам «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгерген. Қалада спорт нысандарын көбейту жұмыстары да жүргізілуде. Заречный шағын ауданында 60 адамға арналған дене шынықтыру кешенінің құрылысы басталды. Жетігенде футбол алаңы, 100 адамдық спорт кешені мен мәдениет үйін, ал Қоянқұста дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Бұдан бөлек, алты балалар ойын алаңын салу және жаңғырту, төрт футбол алаңын реконструкциялау, тағы бір жаңа футбол алаңы мен үш жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қолға алынған.

Қоғамдық көлік қатынасын жақсарту мақсатында биыл 17 наурызда екі жаңа автобус бағыты іске қосылды. Олар Жаңаталап – Көктерек және Құйған – Гейт Сити бағыттары бойынша қатынайды. Автобустар әр бағытта күніне төрт айналым жасайды. Қалада 14 жаңа аялдама орнатылған. Жыл соңына дейін тағы қосымша 10 аялдама кешенін орнату жоспарланып отыр. Абаттандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 37 сенбілік ұйымдастырылып, оған 16 мың адам қатысқан. Нәтижесінде 410 тонна қоқыс шығарылып, 6 150 ағаш көшеті отырғызылған.

Сонымен қатар Жетіген, Заречный және Қоянқұс шағын аудандарында жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша жобалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Брифингте Алатау қаласының жаңа басқару жүйесі туралы да айтылды. Биыл «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң аясында арнайы құқықтық режим енгізіліп, Alatau City Authority басқару ұйымы жұмысын бастаған.

Бұл құрылым қаланың стратегиялық құжаттарын бекітіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және бизнеске қолайлы жағдай жасауға жауап береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
13.11.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Акжаркын
13.11.2026

Заңға құрмет – азаматтық жауапкершілік белгісі

Акжаркын
13.11.2026

Берік отбасы – бақытты болашақ негізі

Акжаркын
13.11.2026

Жеке деректерді қорғау – өз қауіпсіздігіңізді қорғау

Акжаркын
13.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz