Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жемқорлардан алынған ақша мектеп құрылысына жұмсалады — Үкімет басшысы

Түркістан облысын дамытуға республикалық бюджеттен 467 млрд теңге қаражат бөлінген. Өңірге жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, бюджеттің тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы Alataunews.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

20.10.2022
Жаңалықтар

Биыл облысты дамытуға республикалық бюджетте 367 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бюджетті нақтылау кезінде тағы 100 млрд теңге бөлінді.

«Бұл қаражат инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және өңірдің агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бағытталған. Жыл соңына дейін аз уақыт қалды, сондықтан жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Премьер-Министр қазіргі уақытта кесене айналасында қарқынды құрылыс жүріп жатқанын, оған келушілер саны да едәуір артқанын атап өтті. Осыған байланысты әкімдік ЮНЕСКО мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын қатаң сақтауы керек.

Азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін бірінші кезекте өңірдің дамуына серпін беретін жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жөнінде шаралар қабылдау қажет. Мәселен, биыл облыста 33 млрд теңгеге 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұдан бөлек 1,9 трлн теңгеге тағы 74 жоба талқыланып жатыр.

Сонымен бірге, Премьер-Министр азық-түлік тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін барлық қолда бар нарықтық механизмдерді тиімді пайдалану, облыстың инфрақұрылымы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізу, сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірдегі оқушы орындарының санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат енді мектептер мен оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталатын болады. Бүгінгі таңда республика бойынша 100 млрд теңге туралы сөз болып отыр. Қаражат бөлу қараша айында басталады», — деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz