«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың көптеген облысында жауын-шашын күтіледі. Әсіресе, батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.
Сондай-ақ елдің батысы мен оңтүстігінде бұршақ жауып, қатты жел соғуы ықтимал. Күндіз батыс өңірлерде шаңды дауыл көтеріледі деп болжанып отыр.
Бұдан бөлек, республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.
Сонымен қатар, жауын-шашынға қарамастан бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар қызметі мен синоптиктер Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары екенін атап өтті.
Қауіпті аймақтар қатарына Қызылорда, Алматы, Жетісу, Қарағанды және Абай облыстары да енгізілген.





