Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының 29 дәрігері шетелде біліктілігін арттырды

Алматы облысының медицина қызметкерлері шетелдік жетекші орталықтарда кәсіби тәжірибесін жетілдіріп қайтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Биыл облыстық медициналық ұйымдардан 29 дәрігер Ресей мен Беларусь елдеріндегі озық клиникалар мен оқу орындарына жіберілген. Іс-сапардың негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру және медициналық қызмет сапасын арттыру.

Мамандар Санкт-Петербургтегі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында, Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінде, сондай-ақ Беларусь Республикасындағы «Мать и дитя» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында білімдерін жетілдірді.

Оқу барысында дәрігерлер балалардағы онкологиялық және гематологиялық ауруларды ерте анықтау, ерте даму мен араласу, жедел кардиология, сондай-ақ хирургиядағы аз инвазивті технологияларды қолдану бағыттары бойынша тәжірибе жинақтады.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, мұндай тағылымдамалар өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

«Дәрігерлердің шетелдік тәжірибеден өтуі – тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартудың маңызды тетігі. Алынған білім мен тәжірибе облыстың әрбір ауданында тиімді қолданылып, әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар науқастар үшін үлкен пайдасын тигізеді», – деді ол.

Ведомство мәліметінше, барлық іс-сапарлар облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған. Енді дәрігерлер алған білімдерін тәжірибеде қолданып, өңірде жаңа емдеу әдістерін енгізуге кіріспек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz