Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шығып, сегіз адам құтқарылды

Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, сегіз адам құтқарылды, деп хабарлайды alataunews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, оқиға 5 сәуірге қараған түні Қарғалы ауылындағы Бейсеуов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанып, кереует пен үй ішіндегі заттар жанған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бірден тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен. Нәтижесінде сегіз адам баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге шығарылды. Ал 25 тұрғын, оның ішінде алты бала, құтқарушылар келгенге дейін өз бетінше сыртқа шығып үлгерген.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзім ішінде толық ауыздықталды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz