Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңбыр, бұршақ, аптап: Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қалай өзгереді?

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2025
Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

1 шілдеде еліміздің батысы мен шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батыста бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі мен шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті:

  • Оңтүстік-шығыста күндіз +35…+39°С

  • 2-3 шілдеде орталықта +35…+38°С

  • Оңтүстікте +40…+44°С дейін

  • 3 шілдеде солтүстікте +30…+35°С жылы

Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Аптап ыстық күндері далада ұзақ уақыт болмау, бас киім кию және көп мөлшерде су ішу ұсынылады.

Тегтер: ауа райыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz