Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі – Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов мереке күндері Қазақстан халқының қауіпсіздігі мен қылмыстардың алдын алуға қатысты ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.12.2025
Жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары, жаңартылған тиісті заңнама нормаларын енгізу, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспар және Президенттің «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Комиссияның отырысына төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қатысты.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мереке күндері патурльдердің саны көбейіп, халық көп жиналатын орындарда тәулік бойы кезекшілік орнайтынын хабарлады. Жалпы, үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жаңа жыл түні ел бойынша 1 мыңнан астам бұқаралық шаралар өтеді деген жоспар бар. Олардың көбіне балалар қатысады.

«Біздің міндет – іс-шаралар өтетін жерлерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын қамтамасыз ету. Көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың профилактикасының тиімді жүйесін құрған жөн. Жағдайды бақылауға алып, оның ішінде бейнекамералар арқылы визуалды бақылау ұйымдастыру қажет. Қажет болған жағдайда оқиғаларға шұғыл әрекет ету шараларын қамтамасыз етіңіздер. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандарда лаңкестік шабуылдардың алдын алу үшін кешенді профилактикалық шаралар қабылдансын. ІІМ мен ТЖМ-ға күшейтілген режимде жұмыс істеу тәртібіне көшуді тапсырамын», —  деді Бектенов.

Тегтер: жаңа жылПремьер-Министр

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz