Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жамбыл облысында атасы мен немересі Талас өзеніне батып кетті

Жамбыл облысында суға батып кеткен қызды Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

24.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылы маңында ағысы күшті Талас өзенінде болған.

«23 шілде күні сағат 17:30-да куәгерлер Жасөркен ауылы маңынан өтетін Талас өзенінен ер адамның денесін судан шығарып алған. Кейін мәлім болғанындай, қарт адам немересімен бірге рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Сағат 17:50-де қызды іздеу жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 17:10-дар шамасында суға батып кеткен», — деп хабарлады Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұңатаева.

Іздеу жұмыстары 23 шілде күні түнге дейін жалғасып, іздеу жұмыстарына 5 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды.

«24 шілде күні таң ата іздеу жұмыстары қайта жанданады», — деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Ауыл адамдарының айтуынша, суға батып мерт болған азамат 61 жаста, ал немересі 7 жаста. Қыздың ата-анасы өзге елге жұмыс іздеп кеткен.

Тегтер: Жамбыл облысыоқиғаТЖД

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz