Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбыл ауданының тұрғындарын қолдауға 660 млн теңгеге әлеуметтік көмек бағытталады

Алматы облысының әкімі Жамбыл ауданының ауыл тұрғындарымен кездесіп, проблемалық мәселелерді талқылады деп, хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі

23.06.2022
Жаңалықтар
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

2022 жылы Жамбыл ауданының 1094 тұрғынын жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жоспарланғанын хабарлады. Бұл жоспарды дамытуға бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінеді.

Ауданда 661,1 млн теңгеге 9,8 мың ауыл тұрғындары әлеуметтік көмек алады. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы дерек бойынша 8,4 мың адам 224,6 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек алған.

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Білім беру саласына келетін болсақ, облыс бойынша барлығы 20 мектептің құрылысы жүргізілуде, 21 мектепке күрделі жөндеу жоспарланған. Негізгі міндеттердің бірі облыстың 54 мектебінде үш ауысымды оқытуды жою болып табылады, олардың 10-ы Жамбыл ауданында орналасқан. Әкім атап өткендей, ауданда 18 педагог жетіспейді.

Сондай-ақ, емхана құрылысы да жоспарланған. «Жобаның қымбаттауына байланысты Ұзынағаш ауылында емхана салу бойынша жобалық-сметалық түзету жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, медициналық орталық 250 науқасқа есептелген. Жобаның құны 3,2 млрд теңгені құрайды», — деді әкім.

Айта кету керек, 2024 жылға дейін Тарғап және Қарақастек ауылдарында спорт кешендерін салуға 3,4 млрд теңге бөлінеді.

Тегтер: Жамбыл ауданы
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz