Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін: менеджері жағдайды түсіндірді

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан спортшының чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін жағдайлар мен алдағы қадамдары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.12.2025
Жаңалықтар

Менеджердің айтуынша, 2026 жылдың басында Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық титулдарының тағдыры 8 қаңтарға жоспарланған В сынамасының нәтижесіне тікелей байланысты болмақ.

«Қазір екі түрлі сценарий бар. Егер 8 қаңтарда алынған екінші сынама таза болып шықса, біз чемпиондық белбеулерімізді сақтап қаламыз және карьерамызды әрі қарай жалғастырамыз. Біз бұған сенеміз, өйткені шындық біздің жағымызда. Ал егер нәтиже керісінше болса, Жәнібекті чемпиондық титулдарынан айырып, белгілі бір мерзімге бокстан шеттетуі мүмкін», – деді Берік Сұлтан.

Сонымен қатар, менеджер кез келген жағдайға дайын екенін атап өтті.

«Тіпті ондай шешім қабылданған күннің өзінде біз тоқтап қалмаймыз. Жәнібек әлі жас, оның кәсіби мансабы аяқталған жоқ. Біз алға қарай жүреміз», – деп қосты ол.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып саналады. Оның болашағына қатысты нақты шешім В сынамасының қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

Тегтер: Басты жаңалықтарЖәнібек Әлімханұлыспорт

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области широко отметили День единства народа Казахстана

Николай Иващенко
01.05.2026

В Илийском районе в рамках празднования 1 мая — прошёл экологический субботник на территории зоны отдыха «Первомайские пруды»

Николай Иващенко
01.05.2026

Дух единства и спорта: в Илийском районе отметили 1 мая и открыли футбольный сезон

Николай Иващенко
01.05.2026

Какая погода будет на майские праздники в Алматинской области

Николай Иващенко
01.05.2026

Токаев поздравил казахстанцев с Днем единства

Николай Иващенко
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz