Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жектен қанша гонорар алды?

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен жекпе-жек үшін кемінде 500 мың доллар (шамамен 255 миллион теңге) көлемінде кепілдендірілген гонорар алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2025
Жаңалықтар

2025 жылғы 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Аренада» өткен ауқымды бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссинені (14-0, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. Бұл – оның кәсіпқой мансабындағы қатарынан 17-жеңісі (оның 12-сі нокаутпен аяқталған).

Аталған бокс кеші ақылы трансляция (PPV) арқылы көрсетілді. Егер сатылым көлемі 750 мың көрсеткішке жетсе, Жәнібектің табысы 3,5 миллион долларға дейін (шамамен 1,785 миллиард теңге) өсуі мүмкін. Ал бұл межеден асып кетсе, жалпы табысы 5 миллион долларға (яғни 2,5 миллиард теңгеден астам) дейін жетеді.

Франциялық Нгамисса да бұл жекпе-жек үшін қомақты сыйақы алды. Оның кепілдендірілген гонорары – 350 мың доллар (шамамен 178 миллион теңге). Ал PPV сатылымдары 700 мың доллардан асып түссе, ол 900 мың долларға дейін (459 миллион теңгеден астам) табыс табуы мүмкін.

Фото: ашық дереккөзден

Тегтер: қазақстанспорт

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz