Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Зерде» холдингі жабылды, қызметкері қайда барады?

Министрлік таратылып жатқан «Зерде» холдингінің қызметкерлерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

09.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Айта кетсек, бүгін ел Үкіметі «Зерде» холдингі акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарған болатын.

 «Ұсынылып отырған қаулы «Зерде» холдингін таратуды және оған еншілес ұйымдарды («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Qazinnovations», «Astana Hub» технопаркі) тікелей Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына өткізуді көздейді. Осылайша, ұлттық институттар мен «электрондық үкіметтің» ақпараттық инфрақұрылымын басқарудың оңтайлы жүйесі құрылады», — деп атап өтті Ерхан Тәткен.

Оның айтуынша, министрлік өкілетті органдармен бірлесіп, Үкіметтің шешімін уақытылы іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдайды.

«Негізгі бағыт – жұмыстан босатылған қызметкерлерді барынша әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Яғни, олардың ведомство төңірегінде қызметке орналасуына жәрдемдесу», — деді министрліктің баспасөз хатшысы.

Бұл ведомствоны қысқарту жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі айтылған.

2016-2021 жылдары холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма бергенін хабарлаған едік.

Тегтер: Зердеүкіметхолдинг

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жоғалған ер адам таудан аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Қазақстан мен ТМД азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратқан халықаралық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

ІІМ: 1 шілдеден бастап аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz