«10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен күдікті І. Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары келіскен өтініш келіп түсті», — делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің ұсталғанын растаған еді.
«Өтініш қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 10 маусымға дейін бұлтартпау шарасы қолданылды», — дейді соттан.
Еске салсақ, Ілияс Өсеров өткен жылы 2 наурызда Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.