Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үшарал мен Үржар әуежайларының қашан ашылатыны белгілі болды

Үшарал әуежайы 20 шілдеде, ал Үржар әуежайы тамыз айының басында жұмысын бастайды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ведомствоның мәліметінше, Үржар және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын жөндеу жұмыстары ұзаққа созылған.

Нысандар туристік маусымға дайын болуы тиіс еді. Алайда мердігерлер жұмысты уақтылы аяқтамағандықтан іске қосу мерзімі ауыстырылды.

Жаңғырту аясында ұшу-қону жолақтары мен жүру жолдарын, перронды қайта жаңарту, жарықтандыру құралдарын орнату, периметрді қоршау және басқа да жұмыстар қарастырылды. Бұл қауіпсіздік пен сапа стандарттарының деңгейін көтеруі тиіс. Бұл жұмысқа Жетісу және Абай аудандарының әкімдіктері жауапты.

Министр Қайырбек Өскенбаев әуежайлардағы құрылыс-монтаж жұмыстарын тез арада аяқтауды тапсырды.

Үшарал — Алматы және Үшарал — Нұр-Сұлтан әуе бағыттары жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14 рейс, қалған уақытта 7 рейс жиілігімен орындалатын болады. Билет құны сәйкесінше 15 мың теңге және 16 мың теңге болады.

Сондай-ақ Үшарал — Талдықорған бағыты бойынша жазғы маусымда 28 рейс, қалған кезеңде 14 рейс жиілігімен жолаушы тасымалдайды. Ұшу L-410 ұшағында жүзеге асырылады, билет құны 8 мың теңге.

Үржар — Алматы және Үржар — Нұр-Сұлтан әуе бағыттарында Ан-24 ұшағында жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 10 рейс жиілігімен орындалады, қалған уақытта 5 рейс болады. Билет құны сәйкесінше 14 мың теңге және 16 мың теңге.

Тегтер: Жетісу облысыҮшарал

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz