Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үш елдің азаматтары Қазақстанда визасыз жүре алады

Биыл шілдеден бастап Қазақстан мемлекеті Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін біржақты тәртіпте визасыз режим ашады. Бұл туралы Қазақстанның көші-қон комитеті әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz

10.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Визасыз режим талаптарына сәйкес аталған елдің азаматтары шекарадан кірген сәттен бастап 14 күн Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұра алады. Іскерлік, жеке мақсаттағы, туристік және басқа да саяхаттарға рұқсат берілген.

Министрлік визасыз режимде Қазақстанда жүрудің жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезеңде 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс екенін атап өтті. Осы шартты бұзған жағдайда шетелдіктер төмендегідей әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

  • 10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл;
  • 15 тәулікке дейін қамауға алу;
  • Қазақстан Республикасынан шығару;
  • 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына келуге тыйым салу (сот шешімімен).

Сонымен қатар, шетелдік азаматтарға визасыз режимде еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Республикасына жасаған жұмыс сапарында Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат берілетінін айтқан болатын.

Тегтер: визаҚытайҮндістан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz