Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТЖМ биыл өрт қаупі жоғары болатынын мәлімдеді

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов биыл Қазақстанда өрт қаупі жоғары болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам
«2024 жылы жаз ыстық болып, табиғи өрт қаупі жоғары болады деген болжам бар. Қазір елімізде 27 орман өрті және 122 дала өрті тіркелді. Олардың көпшілігі министрлік күшімен сөндірілді, авиация тартылды. Осыған байланысты барлық мүдделі мемлекеттік орган мен әкімдік орман және дала өртін алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық жоспардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажет», — деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.

Министр әр өңірде ірі өртке қарсы күресетін күштер мен құралдар дайындалғанын жеткізді.

«Жалпы республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техника дайындалды. «Қазавиақұтқару» авиациясының 19 борты дайын тұр. Оның тоғызы су төгетін құрылғымен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 дрон бар. Министрліктің келісімі бойынша әкімдіктер табиғи өртті болдырмауды көздейтін жоспарларды бекітті», — деді ведомство басшысы.
Тегтер: Басты жаңалықтарөрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz