Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ТЖМ басшысы Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетін ашты

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 8 мыңнан астам тұрғыны бар бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Шара барысында сөз сөйлеген Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен өрт сөндіру-құтқару инфрақұрылымын дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Жаңа өрт сөндіру бекеті тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда өрт сөндіру техникасына арналған жылы бокс, кезекші ауысымға арналған бөлмелер, байланыс, демалыс және тамақтану орындары, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті қарастырылған. Бұдан бөлек, жеке құрамның дене даярлығына арналған «Batyr Team» жаттығу залы жабдықталған.

Нысан облыстық мәслихатының депутаты, «Халық үшін» қоғамдық қорының директоры Сергей Горяной демеушінің қаражаты есебінен салынды.

Салтанатты рәсім барысында ведомство басшысы жаңа өрт сөндіру бекетінің кілтін табыстап, бөлімшеге жаңа өрт сөндіру автоцистернасы мен катердің кілттерін тапсырды. Сонымен қатар іс-шара аясында ТЖМ-нің ведомстволық наградаларымен және облыс әкімінің марапаттарымен құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен ұйым қызметкерлері марапатталды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz