Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Туризмді дамыту мәселелері қаралды

Үкіметтің кезекті кеңесінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды. Кеңесті Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жүргізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2025
Жаңалықтар

Кеңеске орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері қатысып, еліміздің негізгі туристік аймақтарындағы жағдай туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Президент тапсырмаларының орындалу барысы бойынша есеп берді.

Ермек Көшербаев туризмді дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл салада инфрақұрылымды жаңғырту мен туристік нысандардағы қызмет сапасын арттыру басты міндеттердің бірі болып қала бермек. Вице-премьер 2026 жылдың жазына дейін курорттық аймақтарды толыққанды дайындауды тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда:

  • курорттық аймақтарды абаттандырудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу;

  • туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту;

  • шетелдік қонақтарға арналған паспорттық бақылау рәсімдерін жеңілдету;

  • сұранысы жоғары әуе бағыттарына халықаралық лоукостерлерді тарту;

  • туристік қызмет сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шараларды іске асыру.

Үкімет басшысының орынбасары туризмнің экономикалық және әлеуметтік маңызын ескере отырып, аталған міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Тегтер: қазақстанүкімет

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz