Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұрсынбекова Өскеменде өткен кездесуде экология және балалар арасындағы буллинг мәселелерін талқылады

Өңірдегі маңызды мәселелерге де тоқталды

16.11.2022
Жаңалықтар

ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығысында болды. Ол Өскемен қаласында екі кездесу өткізді.

Алғашқы кездесу жергілікті экологтар мен осы салада жүрген белсенділермен өтті.

Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі 370-тен астам кәсіпорыннан шығатын қалдықтар болып саналады.

Ол сонымен қатар экологтар Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап өтті. Судың сапасының бұзылуына ауыр металдар қатты әсер етеді.

Шенеуніктер мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды, бірақ жағдайды жоюға қаражат жеткіліксіз екенін айтады.

Ол өңірдегі тағы бір маңызды мәселеге тоқталды.

«Еліміздің шығысы – Семей ядролық сынақ полигоны трагедиясының мәңгілік мұрагері, оның зардаптары әлі күнге дейін халқымызды алаңдатып келеді. Әртүрлі мәліметтер бойынша Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам сынақтардан зардап шеккен, 300 мың шаршы шақырым жер ластанған. Бұл – орасан зор көрсеткіш. Жергілікті тұрғындар мен туристер кейде осы аумақта орналасқан көлдерде шомылады, Атом көлінің балығын тұтынады», — деп атап өтті кандидат.

Осыдан кейін Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесіп, олармен мектептегі буллинг тақырыбын талқылады.

«Біз агрессивті қоғамда өмір сүруге үйреніп қалдық, онда әркім өзін қорғайды, бірін бірі қорлайды, дене жарақаттарын алады. Бірақ заман өзгеріп жатыр. Қазіргі қоғам инклюзивке және толеранттылыққа бағыт алып келеді. Ал балаларды біз төзімділік пен кез келген нәрсенің ақ-қарасын ажыратуға тәрбиелеуіміз керек. Егер бала өз құрдастарынан қандай да бір түрде ерекшеленсе, оны қолдау маңызды.

Сондықтан ерекше балаларды ұжымға тарта отырып, қабылдау құндылықтарын сіңіру қажет. Ал агрессияны балалар арасында да айыптайтын нәрсе ретінде қабылдау керек. Бірақ ең алдымен мұнымен үлкендер жұмыс істеуі қажет», — деді ол.

Баяндамашы халықаралық ұйымдардың деректерін келтірді. ЮНЕСКО есебіне сәйкес, «Сандардың артында не жатыр? Мектептегі зорлық-зомбылық пен қорқытуды жою» тақырыбы бойынша дүние жүзінде әрбір үшінші оқушы қандай да бір буллингтің түрін бастан кешіреді. Қорқыту оның құрбандарына ғана емес, агрессорлар мен куәгерлерге де әсер етеді.

Қазақстандағы ЮНФПА 2020 жылы шығарған брошюра елдегі балалардың 63 пайызы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәсі болғанын, 44 пайызы құрбан болғанын, 24 пайызы мектепте басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік әрекеттерін жасағанын хабарлайды.

Бұзақылықтың құрбандары – сыныпқа жаңадан келгендер, ал басқалардан ерекшеленетіндер қатарында сыртқы түрі, оқу үлгерімі, ата-анасының әлеуметтік жағдайы бойынша қысымға ұшырайтындар. Сонымен қатар, толық емес отбасылардан шыққан, туа бітті физикалық немесе психикалық дамуында кемістігі бар балалар буллингке жиі кезігіп жатады.

«Сондай-ақ мұғалімдер де оқушыларға қысым жасайтын топтың қатарынан жиі көрініп қалады. Балалар мұғалімдердің әрекетінен немқұрайлылықты сезініп, оны өзіне жасалған қысым деп қабылдайды», – дейді Тұрсынбекова.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Глава государства принял исполнительного вице-президента Dubai World Trade Center Трикси Лохмирманд

Николай Иващенко
04.05.2026

Закон о специальном правовом режиме города Алатау проверил Конституционный суд

Николай Иващенко
04.05.2026

Ночью в горах Заилийского Алатау найдены и спасены две потерявшиеся девушки

Николай Иващенко
04.05.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
04.05.2026

Снова в воде: терминалы аэропорта Алматы снова затопило дождевыми водами

Николай Иващенко
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz