Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұрмысы төмен отбасылардың балалары балабақшада тегін тамақпен қамтылады

Әлеуметтік осал топтан шыққан, қиын жағдайдағы отбасылардың балалары балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

25.11.2022
Жаңалықтар

«Қаржылай қиындыққа ұшыраған отбасылар өздерінің балаларын, қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты, кезекке де қоймайды, сәйкесінше олар балабақшаға да бармайды. Нәтижесінде бұл балалардың әлеуметтенуі жеткіліксіз болады, мектептегі үлгерімі төмен тәуекел тобына түсуі бойынша тәуекелдер көп. Сондай-ақ, балалар дұрыс тамақтанбағандықтан, олардың денсаулығында да проблемалар туындайды», — дейді министр.

Президенттің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бірнеше тармаққа тоқталып өткен ведомство басшысы бұл мәселенің қалай шешілетінін мәлім етті.

«Бұл мәселені шешу үшін енді Президенттің бағдарламасына сәйкес, Отбасының цифрлы картасы арқылы қиын жағдайға ұшыраған, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды анықтау алгоритмі енгізіліп, олар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Президенттің бұл игі бастамасы бірнеше жүз мың балаға балабақшаға баруға, оларды әлеуметтендіруге, денсаулығын жақсартуға, болашақта оқу үлгерімін жоғарылатуға мүмкіндік береді», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады.

«Бүгінгі таңда 7 облыста 1-4-сыныптардың оқушысына тегін ыстық тамақ беріледі. Енді Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4-сынып оқушыларын 100% мектеп тамағымен қамту жоспарланып отыр. Президенттің бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Көптеген зерттеу осындай шешімдердің пайдалы екенін көрсетіп отыр», — дейді Асхат Аймағамбетов.

Тегтер: тегін тамақ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz