Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жасалды

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 2 қаңтарда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.01.2025
Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, Қарағанды және Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал.

Түнде Ұлытау облысында қарлы боран болады деп күтілуде.

Еліміздің орталық, оңтүстік, шығыс аймақтарында, Ақтөбе облысының батысында боран болып, көктайғаққа ұласады.

Астанада қар, боран, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні түнде 15-20, таңертең секундына  25 метрге жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Синоптиктер болжамынша түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында қарлы жаңбыр, боран, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында қарлы боран, тұман, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.  Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде  23 метрге жетеді.

Тегтер: ауа райыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz