Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Түркістан облысының екі тұрғыны 10 кг есірткімен ұсталды

Есірткіні заңсыз тасымалдағаны үшін Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Көлік полициясының қызметкерлері Түрксіб станциясының күзетілетін өткелінде ВАЗ-2106 автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан екі қап қарасора есірткі затын тәркіледі. Есірткіні заңсыз тасымалдағаны үшін Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды.

Автокөлік жүргізушісінің айтуынша, ұсталғандар оны “inDriver” қосымшасы арқылы такси жүргізушісі ретінде Луговой ауылына дейін жеткізу үшін жалдаған. Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат жалпы салмағы 10,5 кг кептірілмеген марихуана есірткі заты екені белгілі болды. Күдіктілер Жамбыл облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

“Биыл 1 маусымнан бастап “Қарасора” арнайы операциясы кезінде полиция қызметкерлері теміржол көлігінде 44 есірткі қылмысын анықтады. Олардың ішінде аса ірі мөлшерде есірткі өткізудің үш фактісі, контрабанданың бір фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі сақтаудың екі фактісі бар”, – деді жол-көлік полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет.

Құқық қорғау мамандары «Қарасора» арнайы операциясының жалғасатынын айтты.

Тегтер: Есірткітүркістан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны газ қазандығы үшін 20 млн теңгесінен айырылды

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2026

Аутизм: диагноз қоюда неге қателеспеу маңызды?

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
13.11.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Акжаркын
13.11.2026

Заңға құрмет – азаматтық жауапкершілік белгісі

Акжаркын
13.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz