Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Түнгі уақытта көліктер тоқтатылып, тексеріледі

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«Өткен демалыс күндері елімізде 80-нен астам жол-көлік оқиғасы болып, 20-дан астам адам қаза тапты. Жол апаттарының жиілеуіне байланысты Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізуді ұйғарды. Бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктер тексеріледі. Яғни, автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілері. Тексеру кезінде бес орындық көлікке 7-8 адам отырған жағдайлар кездесті», — деді Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, жол-патруль полициясы түнгі уақытта рейдта көп жүретін болады. Себебі, жол апаттары қараңғы түскенде орын алады.

Сонымен бірге, Жандос Мұратәлиев бірқатар жол апатын тексергенде тежегіш ізінің жоқтығы анықталғанын, бұл жүргізушілердің көлікте ұйықтап кеткенін білдіретінін айтты. Осы себепті соңғы уақытта 8 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған. Сондықтан, көлікті тоқтатқан полиция қызметкерлері жүргізушінің жай-күйіне сапарды жалғастыра алатынына, көліктің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, жолаушылар санына және басқа да мәселелерге назар аударады.

Тегтер: Жандос Мұратәлиев

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz