Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаевтың жақтастары ақтөбеліктермен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылады

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

11.11.2022
Жаңалықтар

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.

«Ақтөбе облысы – еліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбек адамдары, сондай-ақ жауапты, еңбексүйгіш, патриот ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдап келдіңіздер. Сондықтан алдағы Президент сайлауында, ел дамуындағы осындай жауапты кезеңде өңір тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесуге 350-ден астам адам қатысты. Іс-шарада РҚШ мүшелері сайлау алдындағы бағдарламаның өңірлік инфрақұрылымды жақсарту және жұмыс орындарын ашу мәселелеріне арналған бағыттарына назар аударды.

Қаладағы Орталық стадионда «Ақтөбе» футбол клубының ойыншыларымен кездесу өтті. Онда кандидаттың кәсіби спортты дамытуды және саламатты өмір салтын дәріптеуді көздейтін басымдығы сөз болды.

Штаб мүшелері Қ.Жұбанов атындағы университетте жоғары оқу орнының ғалымдарымен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Кездесуде сайлау алдындағы бағдарламадағы ғылымды қолдауға арналған нақты шаралар талқыланды.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz