Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Үкіметке: Су тасқыны мен құрғақшылыққа алдын ала дайындалу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында су тасқыны кезеңіне мұқият дайындалу және егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғау бойынша алдын ала нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.02.2026
Жаңалықтар

Президенттің айтуынша, құзырлы органдардың болжамына сәйкес, биыл кейбір өңірлерде алдымен су тасқыны, одан кейін құрғақшылық қаупі туындауы мүмкін.

«Құзырлы мекемелер биыл кейбір аймақтарда алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтып отыр. Үкімет қазірдің өзінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюы керек. Тағы да айтарым, табиғи апаттарды болжау үшін цифрлық тәсілдерді пайдаланбасақ, жұмыстың бәрі босқа кетеді», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қажетті технологиялардың бар екенін атап өтіп, басты мәселе оларды қаншалықты жауапты әрі жүйелі түрде қолдануда екенін айтты.

«Бізде барлық қажетті технология бар. Бірақ олардың қаншалықты тиімді әрі жүйелі пайдаланылатыны маңызды. Мәселе – осында. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шаралар алдын ала қабылдануы тиіс», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қиындық туындағаннан кейін ғана әрекет етпей, тәуекелдердің алдын алу қажет екенін ескертті.

«Әр жолы мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн. Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек. Көктем де келіп қалды. Үкімет әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруға тиіс», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz