Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып келеді

Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қызылордадағы әлеуметтік жобаларға тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.01.2026
Жаңалықтар

Президент өз сөзінде Қызылорда өңірінде соңғы жылдары әлеуметтік салада айтарлықтай оң өзгерістер болғанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы үш жылда аймақта 34 білім беру нысаны, 5 мәдениет және спорт нысаны салынған, сондай-ақ 40 медицина нысаны пайдалануға берілген.

«Қызылорда қаласында әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып келеді. Облыстың жағдайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген жергілікті атқарушы биліктің жұмысына да оң баға берді.

«Бұл — облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді әрі табанды жұмысының нәтижесі», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлттық құрылтайдың V отырысында өңірлердің дамуы, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар талқылануда.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевҚызылорда

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz