Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды ел халқының бірлігі күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтап, баршаға бақ-береке тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2025
Жаңалықтар

«Құрметті отандастар! Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын! Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам. Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін жұмылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, тату-тәтті өмір сүріп жатыр», — деп жазылған құттықтауда.

Президент биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Осы бірегей ұйым әуел бастан еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына айналды. Ассамблея азаматтарымыздың өзара құрметі мен ырысты ынтымағына сүйеніп, ұлтты ұйыстыруға елеулі үлес қосып келеді. Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқасында мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды реформалар табысты жүзеге асырыла береді. Еліміз теңдікке, өзара сенімге және мәдени әралуандылықтың жасампаз әлеуетіне арқа сүйеп, ел бірлігін одан әрі нығайта түседі. Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез-келген сынақты еңсеріп, биік белестерді бағындырамыз. Ұлтымыздың арман-мұраты – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!», — деді Тоқаев.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz