Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі.

09.07.2022
Жаңалықтар, Саясат
Ақорда баспасөз қызметі

Ақорда баспасөз қызметі

Қымбатты отандастар!

Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады.

Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады.

Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында.

Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевқұрбан айтқұттықтаумемлекет басшысымереке

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының спортшысы Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында жоңышқа жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Қонаев тұрғындары отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша онлайн кеңес ала алады

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысына 1800-ге жуық адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz