Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Еурокомиссия вице-президенті Кая Калласпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2025
Жаңалықтар

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Әсіресе, сауда-экономикалық байланыстар, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру және Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударылды.

Кая Каллас Қазақстанның Еуроодақпен серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, ол Еурокомиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісім үдерісінің басталғанын хабарлады.

Президент Тоқаев бұл бастаманы қазақстандықтар жылы қабылдағанын айтып, оның еуропалық елдермен жеке және іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кездесуде халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматындағы ынтымақтастық жайы да сөз болды. Президент жаһандық тұрақсыздық жағдайында сабыр мен жауапкершіліктің маңызына тоқталып, Қазақстан барлық даулы мәселелерді тек дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын айтты.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz