Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев БҰҰ өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін су орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және өңірдегі тұрақтылықпен тікелей байланысты стратегиялық ресурс саналатынын атап өтті.

Президент саладағы халықаралық ынтымақтастықтың анағұрлым тиімді архитектурасын қалыптастырудың маңызы ерекше екеніне назар аударды. Осы орайда мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде көтерген бастамасына арнайы тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл қадам су ресурстарын ұтымды пайдалану, су проблематикасына қатысты сын-қатерлер бойынша халықаралық үйлестіру тетігін кеңейту және орнықты шешімдерді ілгерілету жөніндегі жаһандық күш-жігерге тың серпін береді.

Алдағы күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте аталған құрылымды қалыптастыру параметрлері мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылауға бағытталған халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңін бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар биыл желтоқсан айында Абу-Дабиде өтетін Су ресурстары жөніндегі БҰҰ конференциясы саладағы түйткілдерді шешудің өзара келісілген тәсілдерін әзірлейтін алаң рөлін атқаратыны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ретно Марсуди Орталық Азия өңірінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz