Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев Алматы облысындағы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірегей спорттық жоба – «Атлетико де Мадрид Қазақстан» халықаралық футбол академиясының жұмысымен танысты, дер хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы академия аумағын аралап, 180 балаға арналған жатақхананы көрді. Қазіргі уақытта мұнда Қазақстанның әр өңірінен келген 116 жас футболшы білім алып, жаттығып жүр.

Президентке академияға іріктеу жұмыстарын испандық мамандар жүргізгені айтылды. Іріктеуге еліміздің түкпір-түкпірінен 4 мыңнан астам бала қатысқан. Орталықта жас спортшылардың оқуына, кәсіби жаттығуына және жеке дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа академияны одан әрі дамыту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспары таныстырылды. Жоба аясында жасанды жабындысы бар екі ашық футбол алаңын, 500 орындық жабық манежді және жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратын салу көзделген.

Сондай-ақ Президентке академияның орналасатын орнын таңдауда табиғи-климаттық ерекшеліктер ескерілгені баяндалды. Алматы облысы Талғар ауданындағы таулы аймақтың таза ауасы мен қолайлы климаты балалардың денсаулығын нығайтып, жаттығудан кейін тез қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы FIFA талаптарына сай келетін футбол алаңын аралап көріп, испандық әдістеме бойынша жаттығып жатқан жас футболшылардың оқу-жаттығу процесін тамашалады. Жас спортшылар допты меңгеру техникасы мен командалық өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіру бағытында жаттығу өткізді.

Іс-шараға Испанияның Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, «Атлетико Мадрид» футбол клубы директорлар кеңесінің мүшесі Давид Вилья, сондай-ақ клубтың академия істері және халықаралық даму жөніндегі директорының орынбасары Мария Тереса Кириви қатысты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz