Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев: «Алатауды бірегей құқықтық мәртебесі бар қарқынды дамитын қала деп атауға болады»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қаланың құқықтық және экономикалық дамуына қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Алатау қаласының сапалы әрі тұрақты дамуына негіз болатын құқықтық база толықтай қалыптасқан.

«Жалпы, Алатау қаласына қатысты кез келген мәселені жедел шешу үшін барлық қажетті жағдай жасалып жатыр. Қазірдің өзінде қаланың сапалы дамуына жол ашатын құқықтық негіз толық қалыптасты деп айтуға болады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, қалада инвестициялық тартымдылықты арттыру және кәсіпкерлікті дамыту үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

«Соның аясында салық жеңілдіктері ұсынылды, бақылау және реттеу тетіктері де бизнес жүргізу үшін оңтайлы бола түсті», – деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ Алатауда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және цифрлық экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Бұдан бөлек, осы қалада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтары жан-жақты қорғалады, сондай-ақ цифрлық активтерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады», – деді ол.

Мемлекет басшысының пікірінше, қабылданған шаралар Алатаудың ерекше мәртебеге ие жаңа буын қаласына айналуына мүмкіндік береді.

«Сондықтан бүгінде Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар «қарқынды дамитын қала» деп атауға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионаты тарихындағы ең қомақты сыйақы: жеңімпазға 50 млн доллар

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz