Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев: «Алатау қаласы ресурстарды үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс»

Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте энергия тиімділігі мен ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жаңа қаланы дамыту барысында энергияны үнемдеу қағидаттары басты басымдықтардың бірі болуы қажет екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл бағытта Халықаралық энергетика агенттігі әзірлеген «First Fuel» тұжырымдамасын басшылыққа алу маңызды.

«Осы проблеманы шешу үшін «First Fuel» тұжырымдамасына ерекше назар қажет деп санаймын. Бұл тұжырымдама энергияның тиімділігі мен қуат үнемдеуді арттыру шараларын кеңінен енгізуді қарастырады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, үнемделген энергияның құны жаңа өндірілетін электр энергиясына қарағанда бірнеше есе арзан.

«Үнемделген энергияның бағасы жаңадан өндірілетін электр энергиясының құнына қарағанда, тіпті өндірістің қолжетімді түрлерімен салыстырғанда 2-3 есе төмен болады. Бұл жерде міндетті түрде пайдалануға болатын үлкен әлеует жатыр», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы энергия шығындарының көлемі алаңдатарлық деңгейде екенін айтты. Оның мәліметінше, электр және жылу желілеріндегі жоғалтулар миллиардтаған киловатт-сағатқа жетіп отыр.

«Өнеркәсіп министрлігінің ақпараты бойынша, желілердегі электр энергиясының шығыны шамамен 10 пайызды құрайды, жылу энергиясының шығыны да 10 пайызға жуық. 2024 жылы электр энергиясының жалпы шығыны 9 миллиардтан аса киловатт сағат болды. Бұл бүкіл Атырау облысының тұтыну көлемінен артық», – деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ Қазақстан экономикасының энергия тұтыну деңгейі әлемдік орташа көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары екенін атап өтті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің дерегіне сәйкес, еліміздегі жалпы ішкі өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну көлемі әлемдік орташа деңгейден екі есе жоғары болса, дамыған мемлекеттерді біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көрсеткішінен 3,5 есе артық.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі инфрақұрылымның тозуы ғана емес, энергияны пайдалану мәдениетінің жеткіліксіздігі екенін айтты.

«Мойындауымыз керек, саладағы түйткіл көбінесе желілердің тозығы жеткенінде және электр энергиясын тасымалдаудағы ұзақ қашықтыққа ғана байланысты емес. Сонымен бірге энергия тұтынудағы мәдениетіміздің төмендігінде де болып отыр», – деді Президент.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға және қоғам белсенділеріне халық арасында энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Біз халыққа электр энергиясын үнемдеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Алатау қаласы ресурстарды оңтайлы, үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Алматы облысындағы GREEN ECO жылыжайының жұмысымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысындағы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Президент Алматы облысының әлеуетіне жоғары баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz